«Ауыл оқушылары «тас дәуіріндегі» партада отыр» – депутат
Алдағы 2024 жылы ұлы суретші Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толады. Ал қылқалам шеберінің алтын бесігі Панфилов ауданы Алтыүй ауылындағы Ә.Қастеев атындағы мектептің жағдайы жанаярлық деп хабарлады turkystan.kz.
Бұл туралы Алматы облысында іссапармен жүрген Парламент Мәжілісінің депутаты Жанарбек Әшімжан айтты.
«Ауыл тұрғындарының өтініші бойынша мектептің жағдайымен арнайы барып таныстық. Ашығын айту керек, білім ошағының бүгінгі жай-күйі адам аярлық… Бұл ауылға жаңа мектеп салу керек. Қолданыстағы 730 бала оқитын мектеп қабырғасы сетінеп, қираудың аз-ақ алдында тұр. Шәкірттер «тас дәуіріндегі» партада отыр», – деді ол.
Енді депутат осы проблеманы бақылауға алатынын айтты.