Зеленский Батыстың көмегі туралы: Біз жалғыз қалдық
Украина президенті әскери қақтығыстар кезінде 137 адам қаза тауып, тағы 316 адам жараланғанын айтты. Зеленскийдің өзі отбасымен Киевте, деп хабарлайды Zakon.kz.
Украина президенті Владимир Зеленский Батыс елдері берген уәдесіне қарамастан, мемлекетін қорғауда украиндықтар жалғыз қалғанын мәлімдеді.
Ол Украинаға көмектесіп жатқан әр мемлекетке алғысын білдірді.
Бірақ нақты, сөзбен емес. Бірақ екіншісі де бар – мемлекетті қорғауда біз жалғыз қалдық. Бізбен бірге соғысуға кім дайын? Шынымды айтсам, мен ондайларды көріп тұрған жоқпын. Украинаға НАТО-ға кіру кепілдігін беруге кім дайын? Шынымды айтсам, бәрі қорқады!
Владимир Зеленский
Украина президенті НАТО-ға кіру жайын да сөз етті.
Мемлекетіміздің барлық серіктестеріне айтарым, қазір маңызды сәт, еліміздің тағдыры шешіліп жатыр. Мен олардан сұраймын – бізбен біргесіздер ме? Олар бізбен біргеміз деп жауап береді, бірақ бізді өздерімен бірге Альянсқа қабылдауға дайын емес. Бүгін мен 27 еуропалық көшбасшыдан Украина НАТО-ға кіре ме деп сұрадым, мен тікелей сұрадым. Барлығы қорқады. Олар жауап бермейді.
Зеленский Ресейден және барлығы туралы, соның ішінде Украина қауіпсіздігінің кепілдігі туралы айтудан қорықпайтынын айтты.
Біз бейтарап статус туралы айтудан қорықпаймыз (біз қазір НАТО-да емеспіз). Бірақ қандай кепілдік беріледі? Ең бастысы, оны бізге нақты қай елдер береді? Бұл басқыншылықтың соңы туралы айту керек. Бұл соғыстың аяқталуы туралы айту керек. Бірақ қазір ел тағдыры толығымен біздің армиямызға, батырларымызға, қауіпсіздік күштерімізге, барлық қорғаушыларымызға, халқымызға, сіздердің даналығыңызға, еліміздің барлық достарының үлкен қолдауына тәуелді.
Президент сондай-ақ соғыс қимылдары кезінде Украинаның 137 азаматы қаза тауып, 316-сы жараланғанын айтты. Зеленскийдің өзі отбасымен Киевте.