Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастыққа қол қойылды
Қазақстан мен Түркия арасындағы әскери ынтымақтастықтың болашағы талқыланды. Бұл туралы Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
– Қорғаныс министрлігінде Халықаралық ынтымақтастық департаментінің бастығы полковник Олжас Құсайынов Қазақстан Республикасындағы Түрік Республикасының Әскери атташесі полковник Фатих Паламен кездесті, – делінген хабарламада.
Тараптар әскери ынтымақтастықтың келешегі, оның ішінде жауынгерлік даярлық пен әскери білім беру саласының жай-күйін талқылады.
Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары 2022 жылға арналған Әскери ынтымақтастық жоспарына қол қойды