Ақтөбедегі діни ахуал Бас Прокурордың назарында

Бас Прокурор Жақып Асанов Ақтөбе облысына сапары барысында облыс прокуратурасы ұжымымен кездесті. Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі хабарлайды.

Ж.Асанов өз сөзінде прокурорлардың алдында тұрған негізгі міндеттер мен жаңа жұмыс әдістері туралы айтып өтті. Бас Прокурор қадағалаудағы басты назарды азаматтардың өмірін расында да жақсартуға көмектесетін нәрселерге аудару қажет екенін атап көрсетті.

Ол атап өткендей, прокурорлардың негізгі жұмысы үш бағыт бойынша жүргізіледі. Біріншісі – қадағалау функцияларын сапалы орындау. Екіншісі – құқық бұзушылықтардың алдын алу. Үшіншісі – қадағалау қызметінің ашықтығы, тұрғындардың сенімін арттыру мақсатында қоғаммен тығыз қарым-қатынас жасау. 

Әлеуметтік-экономикалық проблемаларды бірігіп шешу үшін Ақтөбе облысына еліміздің 200-ден астам үздік маманынан құралған топ келіп отыр. Олар 7 негізгі бағыт бойынша ірі көлемді жұмыс жасайтын болады. Олар түсіндіру жұмыстары, бизнес ортасын дамытуға, азаматтардың әлеуметтік проблемаларын шешуге көмек көрсету, дін мәселесі, азаматтар мен құқық қорғау органдары қызметкерлерін террористік қауіп кезінде әрекет етуге үйрету.

Бас Прокурор әріптестеріне келген сарапшылармен конструктивті  өзара әрекет ете отырып, іс-шаралар жоспарын орындауды тапсырды.

%d0%bf%d1%80%d0%be%d0%ba%d1%83%d1%80%d0%b0%d1%82%d1%83%d1%80%d0%b0-%d0%b0%d0%ba%d1%82%d0%be%d0%b1%d0%b5-3

Сонымен қатар, Жақып Асанов кадрларды іріктеудің жаңа жүйесінің нәтижелері мен қызмет бойынша  жоғарылатуды қолданудың жаңа пәрменді тетіктері, жобалық менеджмент принциптерін енгізу,  қажетсіз жұмыстан, қағазбастылықтан арылу туралы айтып өтті.

Өз сөзін қорытындылай отырып, Бас Прокурор әр қызметкерді өзін жетілдіруге, өз өзімен жұмыс жасауға, белсенділік пен ынта  танытуға, өзінің кәсіби деңгейін арттыруға және нақты нәтижелер мен өңір азаматтарының мүдделеріне ден қоюға шақырды.

Содан соң Бас Прокурор мен облыс әкімі прокуратураның «Тәуелсіздікке 25 жыл» аллеясында ағаш отырғызуға қатысты.