Таласта «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу жаттығу өтті
Азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін көктемгі кезеңдегі төтенше жағдайлард жоюға дайындау, сондай-ақ, су тасқыны қаупі жағдайында ел халқы мен аумағын қорғауды ұйымдастыру бойынша басқарушылық шешімдерді пысықтау мақсатында Талас ауданында «Көктем-2022» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді.
Арнайы ұйымдастырылған іс-шараға аудан басшысы Қанатбек Мәдібек, аудан әкімінің орынбасарлары Қайрат Серимов, Медет Уристенов, аудан әкімі аппаратының басшысы Есенгелді Малкайдаров, Талас ауданы төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы Ғалымжан Сыздықов, аудан әкімдігіне қарасты бөлім басшылары мен шұғыл әрекет ету жасағы қатысты.
Оқу-жаттығулардың негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою, көктемгі кезеңге құрал-жабдықтарды дайындау, азаматтық қорғаудағы аудандық жүйені одан әрі жетілдіру болып табылады.
Талас ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі