Тұрар Рысқұлов ауданында ерекше қажеттілігі бар балаларды оңалту орталығы ашылды

 Мүмкіндігі шектеулі жандардың ем алуына қолайлы жағдай туғызу мақсатында Т.Рысқұлов ауданындағы Каменка ауылында «Қарақыстақ мүмкіндігі шектеулі балаларды оңалту және бейімдеу» орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

Мұнда 20 мүмкіндігі шектеулі балаға арнаулы әлеуметтік қызмет ұсынылуда, ерекше жағдайдағы балаларды қоғамға әлеуметтік бейімдеу және оңалту жұмыстары жүргізіледі.

Сондай-ақ орталық емшаралық, спорттық, музыкалық және өзге де қызмет көрсететін бөлмелермен жабдықталған. Мекеме қызметшілері заманауи талапқа сай әлеуметтік қызмет көрсету стандартын басшылыққа ала отырып, жоғары деңгейде қызмет көрсетуде.

Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқарма басшысының орынбасары Ермек Бықыбаев және ауыл ақсақалы орталықтың ашылу рәсімінде сөз сөйлеп, ашылған оңалту орталығының ерекше  қажеттілігі бар балалардың игілігі үшін  жұмыс жасайтынын айтты.

 

Өңірлік коммуникациялар қызметі