«Бизнесті прокурорлық қорғау» жобасынан жағымды нәтиже шыға ма?

Бас Прокурор «Бизнесті прокурорлық қорғау» жобасының негізгі бағыттары жөнінде айтып берді деп мәлімдейді Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездескен Бас Прокурор Жақып Асанов прокуратураның бизнесті қорғау мақсатында қабылдап отырған шаралары туралы сөз қозғады.

«Бізде мемлекет бизнес үшін көп нәрсені жасауда. Заңдарды, бағдарламаларды қабылдады, миллиардтаған қаржы бөлуде. Алайда, осының барлығы қаншалықты тиімді жұмыс істейді? Өкінішке орай, қалағандай емес.

Сондықтан біз өзіміз үшін бірнеше басым бағытты анықтап алдық. Солардың ішінде «Бизнесті прокурорлық қорғау» жобасы да бар. Ағымдағы жылдың 14 маусымында «Атамекен» ҰКП-мен бизнеске қысым көрсетуді азайту жолдары талқыланған форумды өткіздік. «Осал жерлерді» анықтадық, «Жол картасын» әзірледік. Онда 5 бағыт бар — қадағалаушы органдардың қысым көрсетуі, кәсіпкерлерді қылмыстық процесте қорғау, азаматтық даулар мен әкімшілік істер, әкімшілік кедергілерді қысқарту және бизнесті жаппай дамыту» – деді Ж.Асанов. 

***

Ж.Асанов: Қадағалаушы органдардың бизнеске қысым көрсетуін қысқарту — прокуратура жұмысының негізгі басымдылығы

 Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездесуі барысында Бас Прокурор Жақып Асанов бизнесті қадағалаушы органдар қысымынан қорғауға бағытталған негізгі құралдарға тоқталып кетті.

«2015 жылы біз тәуекелдерді бағалау жүйесін енгіздік. Оның мәні — барлығын жаппай емес, тек жоғары қауіп тобындағыларды ғана тексеру. Жылдың соңына дейін осы жүйені біздің жаңа «Тексерулердің бірыңғай тізілімі» сервисімен интеграциялаймыз. Бір рет басу арқылы кім және қайда құқық бұзғанын көруге болады. Тексеруші сонда барады. Бұзушылықтар туралы барлық ақпарат Тексерулер картасында көрсетіледі. Кез келген адам сайтқа кіріп, қажетті деректерді көре алады. Кім жиі бұзушылықтар жасаса, сол ақырында клиенттерін жоғалтады.

Өз кезегінде тексерулерді электрондық тіркеу тексерушіге де, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтерге де тексеру барысын онлайн түрде қадағалап отыруға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар service.pravstat.kz сайтында, 115 Call-орталығында немесе мобильдік топтардың телефондары арқылы кәсіпкер оны тексерудің заңдылығын біле алады. 3 жылда мыңнан астам бизнес субъектілері хабарласты. Әрбір үшіншісіне көмектестік, 400-ден астам лауазымды тұлғаларды жазаладық. Бұл сервистердің ТМД бойынша ұқсастары жоқ. Тексеру қажет болатын салаларды одан әрі қысқартуды жоспарлап отырмыз. Шет елдер тәжірибесін зерттеудеміз», — деп Бас Прокурор өз сөзін қорытындылады.

20160929163916_img_9374

Бас Прокурор «Бизнесті прокурорлық қорғау» жобасының бірінші нәтижелерін атап шықты

Ақтөбелік бизнес өкілдері алдындағы сөзінде Жақып Асанов Бас прокуратура, «Атамекен» ҰКП және «Нұр Отан» жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы республикалық қоғамдық кеңеспен бірлескен жобасының бірінші нәтижелері туралы айтып берді.

«3 айда нені жасай алдық? Біріншіден, Экономикалық тергеу қызметтерінің экономикалық қылмысқа ден қоюдың нақты алгоритмі әзірленді. Оның мәні — біз қылмысы жоқ хабарламаларды тіркеуге тыйым салдық. Осыны жасаған соң бірден қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы хабарламалар саны 1,5 есеге күрт төмендеді. Оларды бұрын мемлекеттік кірістер комитетінің қызметкерлері өздері жасайтын. Яғни, Форумға дейін жиі іс қозғайтын, енді уәкілетті органға көбірек жіберетін болды. Біздің осы нұсқауымыздан соң тергеушілердің тапсырмаларымен қылмыстық істер (3 335-тен 1 001-ге дейін) мен тексерулер саны 3 есеге азайды.

Екіншіден, шілде-қыркүйекте 1 256 іс тоқтатылды. Бұл 2016 жылдың бірінші жартыжылдығындағы және Форумға дейінгі санына тең. Бұл әрбір үшінші іс бойынша кәсіпкерлерді текке сүйретті дегенді білдіреді. Олар өз істерін тастап, түсініктеме жазуға мәжбүр болды. Алайда зиянға бататын бизнестің иесі ғана емес. Оның қызметкерлері де еңбекақысыз қалады, олар өз отбасын асырай алмайды.

Үшіншіден, Жоғарғы Сотпен жалған кәсіпкерлікті тергеу практикасы түзетілді. Енді салықтар бәріне бірдей қосымша салынбайды, тек кінәсі делелденген болса ғана салынады.

А.ж. 14 маусымда Бас прокуратурада «Кәсіпкерлік саласындағы прокурорлық қадағалау» тақырыбында форум өткенін атап өтейік. Іс шараны бірге ұйымдастырған «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және «Нұр Отан» партиясы жанындағы Сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес. Отырыс барысында тексерулерді тіркеу, прокуратура қашан және неге тексеру жүргізеді, кәсіпкерлер құқықтарын қорғау ісіндегі прокуратураның рөлі сияқты мәселелер бойынша пікірталастар болды. 

***

Бас прокуратура бизнес үшін орасан зор әкімшілік айыппұлдарды қысқартуды ұсынды

Бұл жөнінде Жақып Асанов Ақтөбе облысының кәсіпкерлерімен кездесу кезінде айтты.

«Бизнесті қорғау саласындағы жұмыстың тағы бір маңызды бағыты — бұл азаматтық даулар және әкімшілік істер. Жыл сайын соттарға 700 мыңнан астам талап арыздар келіп түседі. Бұл 1,5 млн. жеке және заңды тұлғалар. Кез келген адамнан «Қалыңыз қалай?» деп сұрасаңыз, «Соттасып жатырмын» деген жауапты жиі естисіз.

Қаржы министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі және Энергетика министрлігі жанындағы Дауларды қарау бойынша апелляциялық комиссияны құру туралы біздің ұсынысымызды Үкімет қолдады.

Қазір біз бизнесмендер арасында дауларды соттан тыс шешудің тетігін құруды ойластырып жатырмыз. Осы мақсатта «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүмкіндігін қолданған дұрыс болар еді.

Болар-болмас бұзушылықтар үшін өте үлкен әкімшілік айыппұлдардың салынуы бизнес үшін үлкен ауыртпалық болып отыр. Олар келтірілген шығыннан әлдеқайда асады және бизнесті шығынға батырады. Мысалы, егер сіз табиғи монополияның кішігірім субъектісі болсаңыз және уақытында есеп бермесеңіз, онда жарты миллион теңгеге дейін айыппұл төлейсіз.

Бизнес «көлеңкеге кетпес» үшін айыппұлдарды 50%-ға дейін қысқартуды, ал болар-болмас бұзушылықтар үшін ескертумен шектелгенді ұсындық. Сонымен қатар бұзушылықтар жойылған болса, рұқсат беруді қалпына келтіру мүмкіндігін ұсынып отырмыз», — деді  Бас Прокурор.

***

Бас прокурор ақтөбелік бизнесмендерді колонияларда өндіріс ашуға шақырды

«Басқа сегмент — «түрме халқы». Бізде олар 30 мың. Олар онда еңбек дағдыларын жоғалтады. Ертең шығады да, қайтадан қылмысқа барады. Екі жыл бұрын біз «Колониядағыларды еңбекпен қамту — 2017» Жобасын таныстырдық. Содан соң тарихта бірінші рет 30 сотталған кішігірім болса да өз бизнесін ашты. Ақтөбе облысында 13 кәсіпкер 121 жұмыс орнын ашты. Сіздерге колонияларға батыл түрде баруға шақырамыз. Онда өндірістік алаңдарға жалдау ақысы жоқ.

Одақ кезінен бері көпшілік прокуратураны жазалайтын орган деп біледі. Алайда, біз ең алдымен құқық қорғайтын органбыз. Біз әрқашан сұхбаттасуға дайынбыз. Аймақтың  гүлденуі көп жағдайда сіздерге байланысты, — деп атап көрсетті Ж.Асанов.

 

 

***