ТАРАЗҒА ЖАҢА 10 АВТОБУС АЛЫНДЫ

 

Облыстық автопарк құрамына тағы жаңа автобустар қосылды. “GOLD DRAGON” маркалы көліктер заманауи әрі соңғы талаптарға сай шығарылған. Жаңа қоғамдық көліктер № 30 маршрутта жүргізіледі.

Қалалық әкімдіктің мәліметі бойынша, автобустардың ұзындығы — 12 метр, сыйымдылығы 90 жолаушыға арналған. Ерекшелігі пандустармен жабдықталған, бейнебақылау камералары орнатылған және автоматты құрылғы қойылған.

Аллағы уақытта “CITY-BUS» ЖШС-на 30 дана жаңа қоғамдық көліктер келеді. Қазір олар кедендік бақылауда.  Қала маңы мен 15 мөлтек ауданға қатынайтын автобустар да жаңартылмақ.

Қазіргі кезеңде шаһарда   32 бағыт /маршрут/  бойынша 280-285 қоғамдық көлік жүреді. Тараз қаласының автопаркі 2019 жылы 84, 2020 жылы 32 автобуспен толықты. Айта кетейік, бүгінгі таңда облыс орталығындағы автопарк  балансындағы көліктердің 50 пайызы  ескірген.