МЕРКІДЕГІ МАРАПАТ
Аудан әкімі Нұрсипатов Руслан Маратұлы 8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай, ауданымыздағы жасы 100-ге толған қарт аналарға құрмет көрсетіп, үйлеріне құттықтап барды.
Аудан әкімі аналарымызбен тіллесіп, хал-жағдайларын сұрады. Дәстүр бойынша, жаулық жауып, камзол кигізіп, мерекелік сый-сияпаттарын тарту етті.
Руслан Маратұлы өз сөзінде: бір ғасыр саналы ғұмыр сүрген аналарымыз сонау қиын-қыстау ашаршылық заманда дүние есігін ашып, ұлы жұт жылдарының, Екінші Дүниежүзілік соғыстың қасіреттерін бастан кешкен асыл жандар. Аналарымыз қаншама тағдыр тауқыметін тартса да, өмірдің ащы-тұщысын татып, ыстығы мен суығына төзіп, жандары нәзік болса да қажырлылық пен қайраттылықтың, болаттай төзімділіктің жарқын үлгісін таныта білген.
Біз бүл күні осындай аналарымыздың арамызда барына қуанып, оларға әрдайым, қамқорлық көрсетіп, жандарынан табылуымыз керек. Біздің осылай жақсы өмір сүріп, Тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасып, бүгінгі күнге жетуіміз де осындай қарапайым аналарымыздың еңбегінің арқасында екені анық. Осындай аналарымызға мың да бір тағзым етуге тиіспіз, – деп айтып өтті.