«Отбасы-шағын мемлекет»

Ана – гүл, ана — жыр, ана — өмір шуағы
Десек қателеспейміз. «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар.
Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі.
Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып сегізінші наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.
Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.
Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.
Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.
Сондықтан да аналарымызға, аруларымызға қай кезде де құрмет көрсетсек артықтық етпейді.
Мереке қарсаңында мен де бірқатар аналарымызды құттықтап, әжелеріміздің ақ батасын алып, құшақтарына гүлге шоқтарын сыйға тарттым.
Құрметті нәзік жандылар мереке құтты, дендеріңіз сау, жүздеріңізден күлкі, отбасыларыңыздан бақ, береке, ырыс құт, Отан анамыздан тыныштық кетпесін.
Мырзағали Мадимаров, Байзақ аудандық мәслихатының депутаты.