Тіршіліктің бастауы, отбасының берекесі, бүкіл адамзаттың тәрбиешісі, әлемдегі барша ізгілік пен мейірімнің, парасат пен тағылымның көрсеткіші саналатын ананы қазақтай құрметтейтін халық жоқ шығар?!
Ананы ардақтайтыны соншалықты тілін де анасындай құрметтеп «Ана тілім» десе, Жерін қадірлеп «Жер анам» дейді, Отанын қастерлеп «Отан ана» дейді.
Бүгінгі заман әйелге көптеген жаңа заманауи талаптар мен жауапкершіліктер жүктеп отыр. Олар тек тұрмыста ғана емес, түрлі салада қызмет етіп еліміздің дамуына өз үлестерін қосып, қоғам мен мемлекет ісіне келгенде ер азаматтардан кем белсенділік танытып отырған жоқ.
Яғни, әйелдердің еліміздің өркендеуіне қосқан және қосып жатқан үлесі шексіз.
Әйел затының жаратылысы нәзік, әлсіз, жүрегі жұмсақ дейміз ғой. Бірақ шындығында әйел сол әлсіздігімен, нәзіктігімен мықты!
Қыз қырық шырақты», «Әйелдің қырық жаны бар» деп халқымыз текке айтпаған.
Әйел нәзік, әлсіз болғанымен, ер-азаматтарға қарағанда әлдеқайда төзімдірек келеді.
Қазақ әйелінің образы кең. Ол — батыр, ол — ардақты ана, ол — аяулы жар, ол — ұлтты сақтаушы, ол — отбасының ұйытқысы, ол – тәлім-тәрбие беруші.
Бүгінгі қоғамда ел ертеңі болар – ұрпақты, мемлекеттің болашақ адам капиталын дүниеге әкеліп,
Қазақ әйелі, қазақ анасы парасаттылық пен сұлулық, батылдылық пен ақылдылықтың символы. Біз сол аналарымыздың ізін жалғастырушыларымыз.
Ер-азаматтар шыдай бермейтін, өмірдің қанша сынағына төзіп, қиыншылығын жеңіп жүрген аналарымыз бар. «Әйел қырық шырақты» деп атам қазақ жай айтпаған. Бір шырағы сөнсе, басқасы жанады.
Баласы үшін бәріне төзуге даяр әйелдерге-аналарға басымды иіп тағзым етіп, көгілдір көктемнің әсем мерекесімен құттықтаймын! Отбасыларыңызға амандық, ырыс пен құт-береке тілеймін!
Шырақтарыңыз сөнбесін, аяулы арулар, мейірімді аналар, ардақты әжелер, қадірлі құрбылар, әдемі сіңлілер!
Ер-азаматтарымыз бір күн ғана емес, өмір бойы алақандарында ұстасын!
Әбден лайықсыздар!
Ұрпағымыз “Жұмақ ананың табанының астында” екенін, ананың ақ батасымен өсіп-өркендейтінін, көгеріп-көктейтінін ешқашан ұмытпасын!
Құрметпен,ЕлАна ұжымы