Ресейден Қазақстанға көшіп келгісі келетіндер көбейіп жатыр

Ресейде халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауына байланысты осы елден Қазақстанға көшіп келгісі келетіндер күн сайын көбейіп жатыр 

Қазір  Ресей азаматтары Telegram желісінде Казахстан чат-форумын ашып алып, бір-бірімен Қазақстандағы жағдайды талқылап, көшіп келуге ниеттеніп отыр. Ресейліктер біздің елге ғана емес, Грузияға да көшуді ойластырып жатыр. Қолда бар мәліметтерге қарағанда, өткен жұмада бұл елге 20-25 мың ресейлік көшіп барған.

Қазақстанға да жақын арада осыншама адам көшіп келуі мүмкін. Мысалы, қазірдің өзінде Алматыда үйді жалға алушылар көбейіпті. Ал Қостанайда қала тұрғындарының айтуынша, бұрынғыдай бос тұрған қонақ үйлер жоқ.  Қонақ үйлердің маңында шетелдіктер көбейіп жатыр дейді.

 

 

 turkystan.kz.