Жамбыл ауданында «Pfizer» екпесін ектіргендер саны 19 мыңға жақындады

Жамбыл ауданында «Pfizer» екпесін ектіргендер саны 19 мыңға жақындады

Індеттің дендеуіне тосқауыл болудың жолы – вакцина қабылау. Бұл – әлемдік сарапшылардың тұжырымы Бүгінде өңірде өкпеден қысқан індетке қарсы екпе егу шаралары өз жалғасын табуда. Бастысы – тұрғындар, ата-аналар мен жасөспірімдер екпенің тиімділігі мен қауіпсіздігіне көз жеткізуде.

Аудандық орталық емханасының эпидемиолог дәрігері Сәкен Сандыбаевтың айтуынша, өңірге «Pfizer» екпесінің 18990 дозасы жеткізілсе, оның 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге бірінші компонентінің 7781 дозасы, екінші компонентінің 5945 дозасы егілген.


Ал бала емізетін аналардың 1195-і бірінші компонентті, 917 екінші компонентті салдырған. Жүкті әйелдердің 432-сі бірінші компонентті, 325-і екінші компонентті қабылдаса, ревакцинациядан 260 ана өткен.
Сонымен қатар 60 жастан асқан азаматтардың 647-і «Pfizer» вакцинасын ектірген.
Екпе ектіру жұмыстары Жамбыл ауданына қарасты 17 ауылдық округіндегі емдеу орталықтарында жүзеге асырылуда.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі