Мен вакцина салдырдым
Елімізде болып жатқан індеттен өзімді сақтау үшін ата – анамның рұқсатымен Pfizer вакцинасын салдырдым.
Вакцинациядан бұрын дәрігерлер медициналық тексеру жүргізіп, Pfizer вакцинасы туралы ақпарат берді, толғандырып жүрген бірқатар сұрақтарыма да жауап алдым. Процедурадан кейін мен өзімді жақсы сезіндім, асқыну болған жоқ.
Барлық жасөспірімдерді осы вакцинаны салдырып өзін және жақындарын әлемді жайлаған індеттен сақтауға шақырамын!
#Менвакцинасалдырдым.
Қуаныш Көбенғараев, «Мойынқұм таңы » газеті тілшісі