ЖАЙЫЛЫМДЫҚ ЖЕРЛЕР ЕШКІМГЕ БЕРІЛМЕЙДІ!
Кеше Шу ауданының әкімі Сәкен Арубаев 2021жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есебін аяқтады. Аудандық мәдениет үйінде болған жиынға жиналған қауымның қарасы көп болды.

Сонымен қатар, елді-мекен аумағында 5 шақырымдық радиуста орналасқан жайылым жерлері бар 15,7 мың гектар жерін мемлекет меншігіне қайтару бойынша аудан әкімдігінің қаулысы қабылданғанында жеткізді. Осы қаулы аясында ендігі кезекте ауыл аймағында орналасқан жайылымдық жерлер ешкімге берілмейтінін атап өтті.