«ЭКСПО-2017» құрылысы аяқталуға жақын
Елбасы «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының басқарма төрағасы Ахметжан Есімовті қабылдады. Кездесу барысында Ахметжан Есімов халықаралық көрмеге дайындық барысын сөз етті. «Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың соңына дейін аяқталады», — деді. Қазан айында павильондар мен делегаттарға салынған үйлер тапсырылатынын жеткізді. Қазір ЭКСПО көрмесіне 103 ел мен 17 халықаралық ұйым қатысатынын растады. 98 секция комиссарлары тағайындалды.
Сондай-ақ, бүгін Ақордада Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына есеп берді. Жыл басынан бері орта және шағын бизнеске берілген несие 35 пайызға өсіп, 2,8 трлн теңгені құрады. Бүгін Ұлттық банк төрағасы Мемлекет басшысына осылай деп есеп берді. Кездесу кезінде Данияр Ақышев Ұлттық банктің атқарып жатқан міндеттерін де тілге тиек етті. Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысы бойынша инфляция деңгейі 5,4 пайызды құрады.