Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековтің аудан тұрғындары алдындағы қорытынды есебі

Аудан әкімі Әлихан Әбіләшұлы Балқыбековтің аудан тұрғындары алдындағы қорытынды есебі аудандық Мәдениет үйінде барлық санитариялық жағдайлар сақтала отырып өтті. Оған ауданның елді мекендерінен жұртшылық көп жиналды.

 

Қорытынды есепке облыс әкімінің орынбасары Нұржан Нұржігітов, аудандық мәслихаттың хатшысы Бақытжан Қалымбетов, аудан әкімінің орынбасарлары, бөлім басшылары, мәслихат депутаттары, ауылдық округ әкімдері, кәсіпорын, мекеме, ұйым басшылары, шаруа қожалықтарының жетекшілері, аудан тұрғындары мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты. Осыған дейін ауыл, ауылдық округтерде есеп берген аудан басшысы бұл кездесуінде 2021 жылы атқарылған шаруаларды тізбелеп, слайд арқылы баяндап берді. Аудан әкімінің есебінде айтылғандай өткен жылы әр салада оңды өзгерістер болғаны байқалды. Биылғы жылы да бұл жетістік жалғасын табатынына сенуге болады.

 

Есепті жыл ішінде ауданның негізгі саласы 11 өнеркәсіп кәсіпорындарымен 86,9 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда өнім көлемі 7,9 млрд. теңгеге артты. Дегенмен өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 99,0% құрады. Оның себебі, өнеркәсіп өніміндегі өңдеу өнеркәсібі 79 631,5 млн. теңгені құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 95,5 пайызға орындалған. Сонымен қатар аудан әкімі автомобиль жолдарының жөнделуі, құрылыс, ауыз су, тұрғын үй құрылысы, аудан бюджетінің кірістер бойынша қол жеткен жетістіктері, әлеуметтік қорғау, еңбек нарығы, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, қылмысқа қарсы күрес, жастар саясаты «Дипломмен ауылға» жобасы жайлы кеңінен баяндап берді. Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды да жиынға қатысушылардың назарына ұсынды.
Жиынға қатысушылар әкім есебін жылы қабылдады. Есепті жиында сөз алған ауыл тұрғыны ауыз су, ағын су мәселесі, ауыл ішілік көшелерді асфальттау, , ауданға газ құбыры жеткізілсе деген ұсынысын білдірді. Сонымен қатар Бірлік ауылдық округіндегі ауруханаға маман керектігі, газ жеткізілген жағдайда оған жұмысшы мамандарды ауданнан даярласа деген ұсыныстар айтылды.

 

Есепті жиында аудан әкімі тұрғындар тарапынан қойылған сауалдарға нақты жауап берді.
Мұнан соң қорытынды сөз облыс әкімінің орынбасары Нұржан Молдиярұлы Нұржігітовке берілді.Ол өз сөзінде облыс бойынша атқарылған жұмыстар мен алға қойған міндеттерді атап, ауылшаруашылығы саласындағы жұмыстарды баяндады.
Жиын барысында облыс әкімінің орынбасарына сауалдар қойылып, оған тұщымды жауаптар алынды