Ұлттық банк интервенция жүргізді
Теңге күннен-күнге құлдырап бара жатыр. Ұлттық банк ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу үшін шара қабылдауға мәжбүр. Ұлттық банк KASE-дегі бүгінгі сауда-саттықта 200 миллион долларға жуық сомаға интервенция жүргізді, осылайша сауда-саттықтың жалпы көлемі 210,7 миллион долларды құрады. делінген Ұлттық банк хабарламасында: «Аукцион қорытындысы бойынша теңге бағамы бір АҚШ доллары үшін 510 теңге деңгейінде қалыптасты. Сауда-саттық көлемі 210,7 миллион АҚШ долларын құрады. Ұлттық банктің валюта интервенциясы 198,9 миллион АҚШ долларын құрады, Ұлттық банктің қатысу үлесі 94,4 пайыз», — делінген. . Жаһандық қаржы нарығының құбылмалы болуына байланысты және ішкі валюта нарығындағы жағдайдың тұрақсыздануына жол бермеу мақсатында 9 наурызда KASE биржа алаңындағы сауда-саттық Франкфурт аукционы түрінде өтті. Франкфурт аукционы бағаның негізсіз құбылуының алдын алуға бағытталған.