Мойынқұм ауылында сайлау өтуде

 

Былтыр 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауыл округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қалалардың әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын.

Бүгін Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданы, Мойынқұм ауылының әкімдігіне сайлау өтуде. Ауылда 4 сайлау учаскесі бар, жалпы дауыс берушілер саны -5856.
Аталған ауылдағы 483, 313, 314, 315 номерлі сайлау учаскелерінде таңғы сағ.7:00-ден бастап сайлаушыларға есіктерін айқара ашты.

Саяси науқан барысын Партиялық емес байқау орталығынан 8 байқаушы, «Amanat» партиясынан 4 байқаушы қатысып бақылауда.

Қазіргі таңда сайлау жұмыстары қарқынды жалғасуда.

 

     

 

Қуаныш Көбенғараев- Мойынқұм таңы газеті тілшісі.