ҚЫСЫРАҚТЫҢ ҚЫМЫЗЫ немесе Нұрдос пен Ләйлінің қымыз-ай!..
Қаңтарда жаумаған қар ақпанда аз да болса көктеуге «көрпе» төсеп, әз -Наурызды асыға күткен ел бір серпіліп қалды. Енді аз күнде қой қоздап, сиыр бұзаулап, бие құлындап малды ауыл азан да қазан әбігерге түседі. Жақсылық ауылында тұратын Нұрдос Мұхамбетов пен оның зайыбы Ләйлі қыс бойғы ермегі – бие сауып, оны әдемілеп ашытып, алушысына ақ жарқын пейілмен ұстату. Екеуі де ауыл мектебінде жұмыс істейді. Нұрдос дене тәрбиесі пәнінен шәкірттерге дәріс берсе, Ләйлі кітапханашы. Қазір алтыншы баласымен үй шаруасында отырғанымен ертелі-кеш үй тірлігінен қолы бір босамайды. Айтпақшы, олардың екінші перзентінің ныспы – Әзілхан. Иә, кәдімгі бәріміз оқыған «Махаббат қызық мол жылдардың» авторы, халық жазушысы Әзілхан Нұршайықов.

С.Қожеке.
Суретте: байырғы педагог, «Облысқа еңбегі сіңген» зейнеткер Әнуарбек Тұрманбетовтың шаңырағында – ұлы Нұрдос және зайыбы Зәурешпен бірге дастархан басында; Нұрдос Мұхамбетовтың бие сауу мезгілі келді; Нұрдос анасы Зәуреш екеуі сауылған саумалды сүзіп алуда. Суретті түсірген автор