ДӘУЛЕТ КӘРІБЕК «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ ХАТШЫСЫ БОЛЫП ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Дәулет Кәрібек «AMANAT» партиясының Хатшысы болып тағайындалды

Партия Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың қаулысымен «AMANAT» партиясының Хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды.

▶️Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

▶️2009 жылдан бастап «Jas Otan» ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы «Jas Otan» жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

▶️«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және «Nur Otan» партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. Тағайындалғанға дейін Жамбыл облысы әкімінің орынбасары лауазымында істеді.