Қарағанды облысы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды
Ербол Әліқұлов Қарағанды облысы әкімініңәлеуметтік сала, ішкі саясат және қоғамдық дамужөніндегі орынбасары болып тағайындалды. Бұлтуралы аймақ басшысы Жеңіс Қасымбек аппараттықкеңесте мәлімдеді.
– ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойыншаӘліқұлов Ербол Шымкентбайұлы облыс әкімініңорынбасары болып тағайындалды. Бұл қызметкетағайындалғанға дейін ол ҚР ПрезидентіӘкімшілігінің мемлекеттік инспекторы лауазымындаҚарағанды облысына жетекшілік етті. Өңірдіңәлеуметтік-экономикалық даму мәселелерімен жақсытаныс, – деді облыс әкімі.
Әкім орынбасары лауазымында Ербол Әліқұловбілім беру, мәдениет, спорт, жастар саясаты, тілдердідамыту салаларына жетекшілік ететін болады.
Ербол Әліқұлов мемлекеттік қызметте түрліқызметтер атқарды.
Алматыда Түрксіб және Алмалы аудандарыәкімінің орынбасары, Жетісу ауданының әкіміқызметтерін атқарды. Кейін Алматы қаласы әкіміаппаратының басшысы болды, жұмыспен қамту жәнеәлеуметтік бағдарламалар басқармасын басқарды. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғауминистрлігінде басшылық қызметтерді атқарды. 2017 жылғы маусымнан бастап осы уақытқа дейін ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторыболып жұмыс істеді.
Жомарт Шаймұрат