Қарағандылық құтқарушылар су тасқынына дайындық туралы айтты

Қарағанды облысының ТЖ департаменті қардықопсыту бойынша жару жұмыстарын бастады. Бүгінгі күні Нұра өзенінің Ботақара кентіндегі, Петровка, Жастілек ауылдарындағы және БіріншіМамыр ауылдарындағы төрт учаскесінде жұмыстаржүргізілді.

Су тасқынына дайындық барысы облыс әкіміЖеңіс Қасымбектің төрағалығымен өткен төтеншежағдайлар жөніндегі өңірлік комиссияның кезектіотырысында талқыланды.

 

 

Қарағанды облысындағы су тасқыны жағдайытұрақты. Барлық тоғандар қысқы режимде. Өзенбассейндеріндегі су қоры нормадан 28%-ға төмен, деп атап өтті Қазгидромет филиалында. Соныменқатар, өңірде 1-14 наурыз аралығында 15 мм қаржауды. Бұл айлық норманың 100% құрайды.

21 наурыздан бастап ТЖД-мен бірлесіп қардыңсоңғы өлшемі өткізіледі.

Космомониторинг деректері бойынша облысаумағының 68%-ы бүгінгі күні қармен жабылған. Облыстың солтүстік-шығыс және оңтүстікшекараларында жер қарая бастады, – деді ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов. – Қазгидромет Нұра, Шерубай-Нұра, Сарысу, Кеңгір, Тоқырауынөзендерінің бассейндеріндегі ылғал қорының көлеміорташа көпжылдық мәннен 10–45%-ға төмен екенінхабарлайды.

Самарқанд және Ынтымақ су қоймаларынансанитарлық су ағызулар жүргізілуде. Еріген қарсуының келуімен барлық су қоймаларында толықтөгінділер басталады.

Жолдарға ерекше назар аударылды. 320 көпірмен 3 673 су өткізу құбыры тазартылды. Республикалық маңызы бар трассалардағы су өткізуқұбырлары толығымен дайындыққа келтірілген. Облыстық және аудандық маңызы баравтожолдардың 69 су тасқыны қаупі бар учаскелерібақылауға алынды.

Материалдық-техникалық құралдар мен инерттіматериалдар қорына тексеру жүргізілді.

ТЖ департаменті 80-нен астам арнайы, өтімділігіжоғары және инженерлік техника, соның ішіндехалықты тасымалдау және эвакуациялау үшін, батпақ-жол талғамайтын көліктер, жүзу құралдары, мотопомпалар дайындады. Су тасқыны қаупі бар өңірлерде жеке құрам гидрокостюмдарменжабдықталған.

Жеңіс Қасымбек 20 наурызға дейін барлықкемшіліктерді жоюды тапсырды. Гидроқұрылыстардың тасқын суларды апатсызөткізуге барынша дайындығын қамтамасыз етуқажеттігін еске салды. Халықтың көлік қатынасыменпроблемалары болмауы үшін автожолдардыңреконструкцияланатын учаскелерін ерекшебақылауға алу және кенттік жолдардың дайындықжағдайын тексеру тапсырылды. Өңір басшысыәкімдерді сырттан ғана бақылап қоймай, белсендіатсалысуға шақырды.

Біздің негізгі міндетімізтұрғындардыңқауіпсіздігін, шаруашылық жүргізуші субъектілердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің және көлікинфрақұрылымының аумақтарын қорғаудықамтамасыз ету. Мүмкіндігінше материалдық шығынкөлемін болдырмау немесе барынша азайту. Әрқайсысыңыздан жауапкершілік талап етіледі, – депатап өтті облыс әкімі.

                                                                                             Жомарт Шаймұрат