ШУ АУДАНЫНДА МАЙ ШЫҒАДЫ

Шу ауданы Бірлік ауылындағы «Kaz-Ir Agro» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі майлы дақылдардың тұқымын өндіріп, май шығарумен айналысады. Өндіріс орынының тынысымен аудан әкімі С.Арубаев танысып қайтты.

Бұл зауыт мақсары майын өндірумен қатар майлы дақылдар мен дәнді дақылдарды және олардың тұқымын өсірумен танымал. Қазір күніне 6 тонна өнім шығарып отыр. Тауарларына нарықта сұраныс бар.

Мұнда 62 адам жұмыспен қамтылған. Олардың орташа жалақысы 75 000 теңге төңірегінде.

Зауыт жақын күндері өндірістік қуатын тәулігіне 9 тоннаға дейін артыруды көздеп отыр. Ол үшін Германиядан 175,09 млн теңгеге жабдық сатып алған. Қазір жабдықты орнату жұмыстары жүруде.

 

Шу ауданы