Ата-әже тәрбиесі

Отбасы тәрбиесіндегі әдет-ғұрып пен салт-дәсүр ата-баба жолында атадан балаға, әкеден немереге беріліп, бүгінгі күнге де жалғасып жетті. Адам баласының өсіп-өнер,адалдық, сыйластық ортасы осы отбасылық өмір. Ата әже тәрбиесі отбасын сүюді, қадірлеуді, ұлы арман жолына жетуіне, баланың ата-анасы алдында бас тартуға болмайтының, жақсы қадамдарға жол бастауына ықпалы өте орасан. Себебі көпті көрген көне көздің өмірден алған тәжірибесі мол болғандықтан бойындағы бар жылуын өз жанының бөлшегіне бөліп беруге даяр ата-әже кемел келешекке ақыл үйлестіруші кемеңгер десекте болады. Бірақ қазіргі кезде өте маңызды мәселелердің бірі ол ата-әже тәрбиесінен алшақтауы! Қара шаңырақтың қасиеттілігін ұғына алмаған кейбір балалар қарт көңілдеріне қаяу түсіріп қарттар үйіне өткізіп тастауы. Мен ата-әже тәрбиесін сезінгендіктен дұрыс емес екенін айтқым келеді. Ата-әже тәрбиесінен алыстамаған бала өте ұяң, сыпайы,ақкөңіл, жаңашыр болып келеді. Жақсы ғұмырдың ең асыл жолы осы тәрбие тәлімділігі.
Ата-әжеміздің басты арманы мәпелеп ұшырған балапандарының өз ұяларына қонуы мен ұрпақ жолындағы немере шөберелері жалғасуы. Олар үшін зейнетке шығып немере бағудың қызығы осы тәрбиелілік құндылықтың биік шыңы! Барынша жігері мен өмірден алған өнегесін жүрегіне құйып, балалығын жалғайтын ұрпағының адам болып қалыптасуына салғыртықпен қарамайтыны анық. Ықыласын төгіп жақсылыққа жол сілтер ең жақсы тәрбиеші ұстаз қамқорлықты көрсетуші ең қадірлі абзал жандар! Алайда қазіргі заман ұғымына сай отбасы құндылықтарының да, жаңаша қағидалары қалыптасуда. Дәл осы кезеңде болашақ ұрпақтарының тәрбиешісі ол ғаламтор, телеарна, түрлі фильмдер,атыс-шабыс секілді ойындар балаға дұрыс тәрбие бермейді. Бұрында ата-әжелер бала тәрбиесін бастапқы орынға қойған болатын. Қазақтың ежелгі дәстүрі бойынша тұңғыш немересін ата-әже бауырына басып тәрбиелеген. Кейде ол кенже ұлының орнына отбасының қара шаңырағына ие болып та жатады. Осы жерде ата-әжемнің үнемі айтатын сөзі есіме түсіп отыр. «Жасымда бейнет бер, қартайғанда зейнет бер». Мен осы бағытта сіңірген тәрбиеммен алған өнегемді өзімнің ортамда жақсы жағынан көрсетемін. Айналамдағы адамдарға ата-әже тәрбиесін сезіндіруге тырысамын. Осы қасиеттен айнымауға сөз беремін. Ата елдің отбасының ақылшысы,батагөйі әрі қамқоршысы әже отбасымен ағайын-туыс халықтың салт-дәстүрімізді ұлдары мен қыздарына ұғындырып, үлгі өнеге көрсететін керемет кісілер.
Ата-әже отбасының алтын қазығы. Шаңырақтың иесі. Ата-әженің айналып толғанып маңдайыңнан емірене сүйіп, бауырына қысып еркелеткеніне жетер өмірде ештеңе жоқ.
Рақмет ата-әже! Мен сіздерді қатты жақсы көремін.
Айтбай Жарқынай Әлібекқызы
10 сынып оқушысы