Шалақазақ

Кейінгі кезде сырт асып келген қазақ ата дәстүрін сақтаған, ал атажұртта қалып орыспен қоян қолтық болған бізді өзінің барынан айрылған «шалақазақ» санау үрдісі белең алып бара жатқан сияқты. Бұл арандатудың кезекті түрі ма, әлде бізде шынымен де осындай мәселе бар ма? Жалпы, мұндай ойды малданып жүрген топ болса, олар діни экстремизмнен де қауіпті. Жел тұрмаса, шөптің басы қозғалмайды. Бәрі өзіңнен, қазақия. Отыз екі тістің арасынан шыққан сөз қанша жерді қамтитынын айтып не қылайын? Бұл күңкіліңді тоқтатпасаң түбі ел болып жарытпайсың. Мына далиған даладан іргесін ажыратпай, талай нәубетті бастан кешуге мәжбүр болған қазақ шошқа тағалап жүрген жоқ. Осыны мықтап қаперге тұтайық. Әйтпесе, байқаймын, әңгіме біраз жерді үңгіп кеткен тәрізді. Мұндай гүж-гүждің ақыры екі жақты сыйдан айырып тынады.