Жүйелі жоспар, нәтижелі жұмыс
Биыл Таразда Наурыз қаланың 11 округінде де тойлануда. Бүгін Әйтеке би, 30 мекенжайындағы көпқабатты тұрғын үйдің ауласындағы мерекеге бардық. Шаһар басшысының қорытынды есебінде тұрғындар арнайы шақырған болатын. Ырымдап бүлдіршіннің тұсауын кестірді. 2 жылдан бері араласуға үрейленіп қалған халықтың осылай алаңсыз басқосуға сусап қалғаны көрініп-ақ тұр.
Алдымен құран бағышталды. Ауызбіршілікпен ауласын таза ұстап, белсенділік танытып, қаланың тыныс-тіршілігіне бей-жай қарамайтын тұрғындарға Ержан Жылқыбаев алғысын білдірді.
Мұнан соң толассыз жауған жауын салдарын жою жұмыстарын көріп, қаланы араладық. Коммуналды-шаруашылық мамандары күшейтілген режимде жұмыс істеуде. Жағдай бақылауда. Шалғай Қарасу, Тайвань, Өндіріс аймағы (Промышленная) тұрғындары жыл сайын осы мәселеге кезігеді. Өйткені жаңбырмен қоса жерасты суы көтеріледі. Ондай үйлердің де суы сорғытылуда. Жедел желі тәулік бойы жұмыс істеуде.
Былтыр дәл осы уақытта толассыз нөсер жауын жауып, қаланың біраз аумағын су алған болатын. 2 апта бойы түнгі 3-те қайтқаным ешқашан есімнен кетпес)))
Жалпы, 1 жылдан бері күн-түн демей жұмыс жүруде. Су басу, құрғақшылық, жарылыс… барлығын өткердік. Түн ішінде мектептерді дайындап, азық-түлік пен керек-жарақ тасып, халықты басқан да қалалық әкімдік қызметкерлері…
30 жылда ешбір әкім бармаған жерлерде болып қана қоймай, соңғы 30 жылда болмаған дауылды да көрдік)… бүкіл 28 саяжай мен ірі алқаптар, қаланың 90%-ы жарықсыз қалғанда да күн-түн жүрген қалалық әкімдік қызметкерлері…
Кеше ғана Қаңтар оқиғасында да ауыртпашылық облыс орталығына түсті. Тазалық сақшылары түнгі ойранның орнын дым болмағандай етіп дер кезінде тазалап отырды, стратегиялық маңызы бар нысандар қатаң бақылауда болды…
Әкімнің кеңесшісі емес, қала тұрғыны ретінде айтар болсам Алматы, Шымкент сияқты ірі қалаларға барғанда балалар алаңдарына қызығатынмын. “Неге Таразда осындай алаңдар жоқ? Біздің балалардың қай жері кем?” деп ойлайтынмын. Шүкір, сол цивилизация бізге де келді… Халық көп қоныстанған мөлтекаудандарға НАКОНЕЦ-то көңіл бөліндібұл атқарылған талай тірліктің бір парасы ғана… біреулер үшін текучка болуы мүмкін…бірақ, сол жоғарыда аталған ілкімді істер мен текучканың өзі жүйелі, сапалы жүрсе теңіз тамшыдан құралады емес пе?
Бірер күн бұрын қорытынды есеп те берілді. Әкімдіктің ресми парақшаларында барлық атқарылған және алдағы жұмыс тізіліп тұр. Айтпақшы, ӨҢІРЛІК ДАМУДЫҢ 3 ЖЫЛДЫҚ ЖОСПАРЫна сәйкес 2021 жылғы меже ТОЛЫҚ ОРЫНДАЛДЫ…
Бастысы — КЕРІ БАЙЛАНЫСТАМЫЗ…
Зарина Қуатова
#жүйелі_жоспар
#нәтижелі_жұмыс
#әкімбіржыл