Қайырымдылық — қайырлы іс
10 отбасына қайырымдылық жасалды
Ұлыстың Ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай Жуалы аудандық зағиптар қоғамының төрағасы Айдар Қаңтарбаевтың ұйымдастыруымен зағип жандарға қайырымдылық жасалды.
Жалпы «Қазақ зағиптар» қоғамының Жуалы аудандық бастауыш ұйымында 56 көз мүгедектері тіркелген. Олар әртүрлі жағдайларға байланысты көз жанарынан айырылған мүмкіндігі шектеулі азаматтардың қатарына жатады.
Біз көз мүгедектерін тіркеуге алып, қиын жағдайға тап болған көңілі қаяу жандарға қолымыздан келгенше көмек беруді, моральдық және адамгершілік тұрғысынан, сонымен қатар, материалдық жағынан да қайырымдылық көмек жасап, қол ұшын беруді басты мақсат тұтып отырмыз.
Ұлттық мереке қарсаңында қайырымды іске қол ұшын берген жомарт жанның бірі «Бурное сүт компаниясының» директоры Свамбай Аринов. Жеке кәсіпкер шара барысында 10 отбасына азық-түлік үлестірді.
Жомарт жанға көмек алған зағип жандар алғыстарын білдіріп, қызметтеріне береке тіледі.
Жуалы ауданы әкімдігі