Сарысулық спорт саңлақтары 286 медальға қол жеткізді

– Өткен жылы халықаралық додадан – 2 алтын, 1 күміс, 2 қолаға қол жеткізсек, республикалық бәсекеден – 29 алтын, 15 күміс, 18 қоланы еншіледік. Ал облыстық жарыстардан – 51 алтын, 75 күміс, 93 қола бұйырды. Жыл қорытындысы бойынша, үздік 23 спортшы аудан әкімінің қолдауымен қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Ал ағымдағы жыл басынан бері ауданның спорт қоржыны 43 медальмен толықты, – деді Марат Қырғызәліұлы өз есебінде.

Жалпы ауданда 212 спорттық нысаны бар. Атап айтқанда, 2- спорт кешені, 1-стадион, 132-спорт алаңшасы, 34-футбол алаңы, 30 – спорт залы, 13-орнатылған зал. Ал алдағы уақытта бұл тізімнің қатары үлкен ғимаратпен толықпақ.

Айта кетейік, ағымдағы жылы аудан орталығында Жастар спорт кешенінің құрылысы басталады.

Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі