Ұлтқа жанашырлықпен қызмет жасау әрбір азаматтың парызы
Ұлтқа жанашырлықпен қызмет жасау әрбір азаматтың парызына айналуы тиіс. Айша бибі ауылындағы орталық стадионның бүгінгі жай-күйіне алаңдаушылық танытқан кәсіпкер Қайрат Қаймолдаевпен жолығудың сәті түсті.
Жастардың болашағына қарайласқан азамат орталық стадион аумағын және диспетчерлік нысынды қалыпқа келтіру жұмыстарына кіріскен.
Дегенмен кәсіпкер жергілікті әкімдік тарапынан жер учаскесін заңдастыру жұмыстары 8 айға созылғанын, стадионға трансформатор, ауызсу қажеттігін жеткізді.
Мұндай игілікті іс жолында көмектесудің орнына уақыт создырып жүрген басшыларға ескерту берілді.
Нысанның құжаттарын келесі айдың басына дейін заңдастыруға тапсырма бердім. Сондай-ақ алдағы бюджеттік нақтылауда жарық пен ауыз су мәселесіне қаражат қарастыруға ықпал ететінімді жеткіздім.
Елім деп алға ұмтылған азаматқа қай-қайсымыз болсақ та демеу, сүйеу болуға міндеттіміз.
Қайрекең қалта қамын ел қамына алмастырған азамат. Жұмысына сәттілік тілеймін.