Наурыз мерекесі Жаңатастың түпкір-түпкірінде тойланды

 0

Бүгін әз-Наурыз мерекесі Орталық алаңнан бөлек, Жаңатас қаласының халық көп шоғырланған аумақтарында, елді мекендер мен шағын аударында да кең көлемде аталып өтті.

 

Мәселен, ұйымдастырушылық бөлініске сай, Жаңатас көпсалалы колледж ұжымы Автобекет аумағында тұрғындарға арнап ақ дастархан жайып, Наурыз көже үлестірді.

Сондай-ақ, іс-шара аясында білім ордасының тәлімгерлері келушілерге концерттік бағдарлама ұсынып, жиылған көпшілікке мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Дәл осындай мерекелік жиын аудандық Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Даңқ» монументі алдында өтсе, Сарысу аудандық кітапханасының бастамасымен «Ұрпақтар аллеясында» жалғасын тапты. Сондай-ақ, аудан орталығының жеке кәсіпкерлері де ұлттық мейрамның жоғарғы деңгейде өтуіне барынша атсалысты.

☑️Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі