Талас ауданында Наурыз мейрамы ауқымды түрде атап өтілді
Ұйымдастырылған іс — шара «Ұлбике ақын» атындағы мәдениет орталығынан бастау алып, қаламыздың орталық көшелері арқылы өздерінің ән-шашуларымен қала тұрғындарының көңілін көтерген «Әз-Наурыз» керуенімен басталды.
Орталық «Жеңіс» алаңында 9 киіз үй орнатылып, қала тұрғындарына Наурыз мерекесінің ең басты символы – Наурыз көже таратылды.
Тарих құпияларын ашқан театрландырылған қойылымнан кейін қала тұрғындарына ауданымыздың шығармашылық ұжымының мерекелік концерті тарту етілді. Жамбыл облыстық филармониясының «Балауса» цирк қойылымы да қала тұрғындарының көңілінен шықты.
Мереке қонақтары ұлттық тағамдардан дәм татып, Орталық саябақта өткізілген ұлттық ойындарында ат салысты.
Командалар арасында көкпардан Талас ауданы әкімінің кубогы өтті.
Ұлыстың ұлы күні — Наурыз мерекесіне орай, Талас ауданы С.Шәкіров ауылдық округінің Тамабек ауылының Жолтай ата атшабарында командалар арасында көкпардан “Наурыз-2022” атты Талас ауданы әкімінің кубогы өтті.
Аққұм ауылдық округінде ақ шаңқан киіз үйлер тігіліп, мол дастархан жайылды.
Ұлттық спорт түрлерінен жарыстар ұйымдастырылып, ең епті мен күштілер өзара күш сынасты.
Мәдениет өнерпаздары ән айтып, би билеп, ауыл тұрғындарына мерекелік көңіл сыйлады.
Наурыз мерекесі Бостандық ауылдық округінде де жоғары деңгейде аталып өтті.Қатарынан тігілген киіз үйлерде ас дастархан жайылып, Наурыз көже таратылды.
Сондай—ақ, ұлттық спорт түрлері де кеңінен насихатталды. Гір тасын көтеру, арқан тарту, қой көтеру, асық ату, ләңгі тебу сынды ұлттық спорт түрлерінен бөлек, футболдан, воллейболдан жарыстар ұйымдастырылып, өзара мықтыларды анықтады. Мерекелік іс —шаралар одан әрі аударыспақ және жаппай көкпарға ұласты.
Наурызға арналған мерекелік іс—шаралар Қаратау ауылдық округінде де кеңінен тойланды.
Жаңа жылдың басталуын атап өту үшін ауыл тұрғындары таңертеннен бастап жиналды. «Наурыз мейрамын» мерекелеу аясында ауыл тұрғындары мен қонақтары үшін концерттік бағдарлама, спорттық жарыстар, ұлттық ойындар ұсынылды.
Жиналған көпшілікке ақ дастархан жайылып, «Наурыз көже», шай және ыстық бауырсақтар таратылды.
Ұлыстың ұлы күні –әз Наурыз мейрамы Берікқара ауылдық округінің орталығы Майтөбе ауылында аталып өттілді.
Майтөбе ауылында көпшілікке мерекелік думанды көңіл күй сыйлау мақсатында жергілікті әкімдік қызметкерлері, білім ошағының ұстаздары атсалысып, мерекенің шырайын кіргізді.
Жастар алтыбақанда ән салса, қазақтың ұлттық ойындарынан бәсекелер ұйымдастырылды.Кеш соңында ауыл тұрғындарына дастархан жайылды.
Ұлттық құндылықтарымызға бағытталған шарада барлығы қамтылып, салт-дәстүр дәріптелді.
Ақкөл ауылында ауыл жұртшылығына арналған «Қош келдің Әз Наурыз» атты мерекелік іс шара өткізілді.
Жиналған жұртшылыққа мерекелік концертпен қазақы салт дәстүрлерді дәріптейтін қойылымдар көрсетіліп, ұлттық ойындар ойнатылды.
Спорттық ойындардың жеңімпаздарына шаруа қожалық басшылары атынан сый сияпат табыс етіліп, мерекеге арнап тігілген киіз үйлерде наурыз көже таратылды.
Қызыләуіт ауылында да Наурыз мерекесі ауыл жұртшылығының көктемнің келуін асыға күткенін асыға аңғартты.
Қарасы қалың болған тұрғындар алыс-жақындарын осы қастерлі шарадан тапты. Ауылдан шыққан зиялы қауым өкілдері, қазыналы қариялар мен бүлдіршіндер ұйымдастырылған мерекелік шарадан ерекше әсер алды.
Жайылған дастарханнан дәм татып, ұлттық құндылықтарымыздан сусындап, салт-дәстүрлеріміздің көрінісіне тағы бір шолу жасады.
Ауыл өнерпаздары әннен шашу шашып, түрлі қойылымдар назарға ұсынылды. Ауыл тұрғындары арасында ұлттық ойындардан жарыстар ұйымдастырылды.
ТАЛАС АУДАНЫ