Қазақ қызына тән қасиеттер:

Қазақта қыз баласы ұяң да инабатты, сыпайы болған.
Ер адамға тік қарамаған.
Жүріс-тұрысы салмақты болып, сызылып, сыпайы қозғалған.
Орынсыз жыртыңдап, күлмеген.
Ешкімнің сөзін бөлмеген.
Етегі ұзын, кең көйлек киген. Басында тақия не бөркі болған.
Жөнсіз, әдепсіз сөйлемеген.
Кісінің алдын кесіп өтпеген.
Дауыс көтермей, бәсең дауыспен сөйлеген.
Кешкілік жалғыз жүрмеген.
Басқаларға қол тигізбеген және кісіні болсын, жануарды болсын теппеген.
Суық жүріс, сумаң қылыққа бармаған;
Өтірік, өсек айтпаған.
Адамға қарап есінеп не керілмеген.
Талтайып отырмаған.
Тамақты асап жемеген.
Бұраңдап, қылымсымаған.
Біреудің алдында киім ауыстырмаған.
Салт-дәстүрден аттамаған.
Ешкімді жамандамаған
Ішімдік ішпеген, шылым шекпеген.
Тәкаппарлыққа жол бермеген.
Үлкен-кішіні сыйлаған.
Шектен тыс боянып, жасанбаған.
Жігітпен жүрмеген, арын руының ары санап, кіршіксіз пәк күйінде сақтаған.
Мұның бәрі ескіліктің емес,
тектіліктің сарқыншағы екенін ұғынайық, халқым!