ҚАЗАҚШЫЛЫҚ
Ұзақ жыл дәрігер мамандығын оқыған қазақ қызы өз денсаулығына қарамады. Оған уақытыда жоқ. Ертелі-кеш кітаптан бас алмайтын қызының жүдеп кеткенін байқаған анасы ауылға саумал ішуге шақырды.
«Қазақшылықтан ем қонбайды» деген қызының қарсылығына қарамай, отыз күн бие сүтін ішкізді. Таза ауада серуендетіп, түрлі шөп дәрілер қайнатып берді. «Жұрттың тіл, көзіде бар» деп, қара молдаға демде салдырды.
Арада ай өткенде, «қазақшылықтан» бетіне қан жүгірген доғдыр қыз қалаға қайтты.
************
Күн ыстық. Үлкен жолдың бойында екі полиция көлік тоқтатып тұр. Қария кісінің құжатынан кемшілік табылды.
—Қаладағы үлкен баланың үйіне бара жатырмын. Бара осы құжаттарды жасатамын, жібереғой айналайын. Қазақтың баласы екенсің, сеніңде атаң бар шығар» деді қария.
-Көке, заңның аты заң! қазақшылыққа жол жоқ! деді, Гаишник. «Қария кісі екен, Жібере салайық» деді қасындағы серігі. Әлгі заңқой ойланып қалды. Не дерін білмей қиналып тұрғаны байқалады.
Қатталып қағазға түскен ата заңымызбен, қария айтқан қазақшылық ой таразыға түсті. Қолындағы қағазбен, алдындағы қарияға кезек қарап сәл тұрды. Ақыры, қазаққа қанмен келетін, ұятпен ибадан тұратын жазылмаған дала заңы қазақшылық таразы басты.
—Жасыңызды силадым -деп, құжатын қайтарып берді.
Батасын беріп қарияда жөніне кетті.
**************
Кең бөлменің төрінде әулет үлкендері жағалай отыр. Қабақтары қату. Барлығының назары ортада басын төмен иіп, тізерлей отырған балаң жігітте. Үнзіздікті қаралы үйдің егесі бұзды.
—Ее, қайтейін -деді ол ауыр күрсініп. Өлер бала өлді. Сені соттатқанда оның орны тола қоймас. Қазақта, «алдыңа келесе атаңның құнын кеш» деген бар. Әдейі өлтірген жоқсыңғой. Алланың ісіне не шара. Тым жас екенсің айналайын бағыңды байламайын, жалғызымның өлімін кештім! -деді. Соңғы сөзін айтқанда бетін көпшіліктен жасыра бұрып, иегі кемсеңдеп кетті. Оғанда оңай емес.
Балаң жігітте іштей тығылып зорға шыдап отыр екен, ет беттей құлап өкіріп жылап жіберді.
Айнала отырғандарда иықтарыннан ауыр жүк түскендей жеңіл демалысты. Біірде біреуі қарсы пікір айтпай үнсіз бас шұлғып қоштағандай болды. Өйткені, бұлардың барлығы ар-ұятқа, обал-сауапқа негізделген қазақшылықтан тәлім-тәрбие алғандар еді.
****************
Мінекей құрметті оқырман, «қазақшылық» дегеніміз, нағыз адамгершіліктің өзі. Қазақ үшін қазақшылықты жоғалту, адамгершіліктен айырлу болып табылады. Кісінің басына іс түскенде, «заң, заң» деп тақылдайтындарға айтарым:
Заңмен шешіп жеңіске жетсең өзің ғана қуанасың. Кісінің көз жасын, наласын арқалайсың. Ал, адамгершіліктен аттамай, қазақшылықтың қағидасын ұстансаң естіген ел қуанады. Ағайыннанда алғыстан басқа аларың жоқ!
Айдар ТЕМІРБЕКҰЛЫ