ЕГІНДІКӨЛДЕГІ МЕРЕКЕ

22 наурыз — Ұлыстың ұлы күнi. Бұл күнi күн мен түн теңеледi. Табиғат та, Жер-Ана да, жан-жануар да түлейдi, жаңарады. Адамзаттың бойында қан жүгiрiп, тал-теректер бүршiк жарады. Қазақтың сайын даласын Қызыр баба кезiп, адам баласына құт-береке, бақ-дәулет сыйлайды.

Самарқанның көк тасы ерiп, қасиеттi қара жер, қара топырақ бусанады. Ұлы даланың төсiнде қызғалдақтар құлпыра өсiп, бел-белестерге қызылды-жасылды кiлем төселедi. Ұлан-байтақ Қазақстанның халқы жетi түрлi дәмнен наурыз көже жасап, ұлттық салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды сақтап, ай бойы Ұлыстың Ұлы күнiн тойлайды. Бүкiл Шығыс халқына ортақ бұл мейрамда араздасқандар татуласып, дүйiм халық, мұқым ел ауызбiршiлiкте болады.


Осы орайда Ұлыстың ұлы күні Әз-Наурыз мерекесіне байланысты Ақмола облысы, Егіндікөл ауданында барлық карантиндік шаралардың талаптарын сақтай отырып, 21Наурыз күні орталық алаңда мерекелік іс-шара аталып өтті. Ұлттық мерекеміздің мерейін асқақтату үшін алаңға киіз үйлер тігіліп, алтыбақан қойылып,тәтті тағамдардан таратылып, сондай-ақ қызықты спорттық шаралар ұйымдастырылып, концерттік бағдарламалар қойылды.

Ауа-райының қолайсыздығына қарамаған барша игі-жақсылар жылына бір келетін Наурыз мерекеміздің жоғары әрі жақсы деңгейде өтуіне ешқайсысы аянып қалмады.

 

Барша жұртты бір тудың астына жиналуға шақырған Егіндікөл ауданының әкімі Мұхамедин Ерлан Қыздарбекұлы құттықтау сөз сөйлеп,іс-шара соңында жеңімпаздарға марапаттау рәсіміне шақырып, бағалы сыйлықтармен табыстады. Татулығы мен бірлігі жарасқан аудан тұрғындары мен қонақтарына ерекше лебізді мерекелік көңіл-күй сыйлады. Ынтымағы жарасқан көп ұлтты елiмiздiң осы бiрлiгiн Құдай ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!
Аманжол Сұрағанов,

Егіндікөл ауданы ішкі саясат,

мәдениет тілдерді дамыту және спорт

бөлімінің смм менеджері