ҰЛТТЫҚ ОНОМАСТИКА – ЕЛДІҢ АЙНАСЫ
Міне, жақында, аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен, №1 ЖОББ мектеп-гимназиясының мәжіліс залында өткен «Ұлттық ономастика – ел айнасы» атты аудандық байқау көне Тараз бен Жамбыл аймағын жете білетін және еліміздегі ономастикаға қатысты заңнамалық актілер бойынша кез келген сұраққа жауап бере алатын жүйріктер арасында өткізілді . Аудан әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Мөлдір Қалаева жүргізіп, аталған бөлімінің тіл маманы Бауыржан Бекжанов пен аудандық тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау инспекторы Талғат Сұлтанов әділқазылық жасаған байқауда бірқатар ауылдық округ әкімі аппаратының бас мамандары 4 топқа бөлініп, бақ пен баптарын сынады. Алғашқы «Аманат» тобын Жаңатоған ауылдық округінің бас маманы Ренат Алтынбеков, Кеңес ауылдық округінің бас маманы Абзал Қожахметов және Аспара ауылдық округінің бас маманы Нұртас Кенішбаев жасақтаса, «Алаш» тобында ақермендік бас маман Дәурен Нұрымбетов пен Рысқұлов ауылдық округінің бас маманы Ералы Ерасыл болды. «Қазыналы Меркі» тобын Ақтоған ауылдық округінің бас аманы Ақмарал Сәткеева мен ақаралдық бас маман Серік Байекеев құрады. Соңғы, «Жалын» тобының
намысын Андас батыр ауылының бас маманы Мадина Байзақова мен Сарымолдаев ауылдық округінің бас маманы Ермек Бердалиев біріге қорғады. Байқауды жүргізуші М.Қалаева бүгінгі байқаудың мақсаты мен міндеттерінің аясындағы – Қазақстан еспубликасындағы тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру, ономастикаға қатысты заңнамалық актілерді жандандыру мен ономастика саласындағы мәселелерді жүйелеп, біріздендіру және номастика мәселесімен айналысатын мамандарды ынталандыру екенін айтып, байқаудың шарттарымен таныстырды.
Ал, шарттарға жеке тоқталсақ, олар «Командалармен танысу», «Жер-судың аты – тарихтың хаты» немесе ЛЭД экран арқылы аймақтағы танымал жер-судың суреттерін атау мен суретке қарап жер-судың атауын, орналасқан орнын, оның сипаттамасын айту, «Ономастика» топтық сайысы немесе нормативтік-құқықтық актілердің үзінділерін анықтау, сонымен қатар, «Викториналық сұрақтарға жауап беру» атты кезеңдерден тұрды. Сонымен, білім мен біліктілік сарапқа салынып, тартысты өткен байқаудың түпкі
нәтижесінде, өздерінің жоғары түйсіктерін іс жүзінде көрсетіп, үлкен дайындықтарын паш еткен «Жалын» тобы 1-орынның биігіне көтерілсе, 1 ғана ұпайы аз болып, басты қарсыласына есе жіберіп алған бүгінгі байқаудың мықты тобының бірі – «Қазыналы
Меркі» 2-орынға жайғасты. Ал, барынша арпалысып баққан «Алаш» тобы 3-орын мінберінен көрінсе, «Аманат» өздерінің дайындық жұмыстарын көптеп жүргізуі тиіс екендігін ұқты. Жеңімпаз командалар «ҚР тілдерді дамыту мен қолданудың 2020-2025 жылдарға арналған бағдарламасын» іске асыру аясында өткізілген байқаудың арнайы Дипломдары мен бағалы сыйлықтарына ие болды.
Меркі ауданы