Семинар-тренинг

Бүгін Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ұйымдастыруымен қала мен аудан әкімдерінің орынбасарларына және ішкі саясат бөлімі басшыларына арналған «Интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді қолдану арқылы мультиканалды кризисті коммуникациялар» тақырыбында семинар-тренинг өтуде.
Мемлекеттік органдар мен кәсіпорындардың жетекшілері және олардың орынбасарларына даудың кез келген формасында коммуникация дағдыларын үйретуге және интернет-платформалар мен әлеуметтік желілерді пайдалану арқылы коммуникациялар кризисін шешуді үйретуге бағытталған шарада Айнұр Коскина, Марат Садыков, Асқар Ақтілеу сынды медиа саласының майталмандары кәсіби біліктіліктерімен бөлісуде.
Екі күнге созылатын семинар-треннингтің бірінші күні журналист, продюсер, кризисті коммуникациялар бойынша тренер Айнұр Коскина мен журналист, «Тілші» жобасының авторы, медиа-тренер Асқар Ақтілеу қатысушыларға ақпараттың трансформациясы, фэйктердің туындауы және оны анықтаудың жолдары туралы айтып, симуляциялық ойын арқылы практикада қолдануда.