Азық-түлік бағасын тұрақтандыру басты назарда!
«AMANAT» партиясы Жуалы аудандық филиалының жанынан құрылған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссия отырысы өтті.
Комиссия отырысына Партия аудандық филиалының Атқарушы хатшысы М.Нарымбеков қатысты.
Күн тәртібінде 3 мәселе қаралды.
1.»AMANAT» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы;
2. Сайлауалды бағдарламаның Жол картасындағы «Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасын тұрақтандыру, әлеуметтік павильондарды ұлғайту бойынша мониторинг жүргізудің барысы туралы» индикаторының орындалуы;
3.»Суару каналдары мен дренаж жүйелерін реконструкциялау барысы туралы» мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша жауапты мекеме басшылары, яғни «ҚазСуШар» РМК Жамбыл облыстық филалының «Ақсай» су шаруашылығын жүргізу кәсіпорнының басшысы Д.Нұрабаев, аудандық Пошта торабы мекемесінің басшысы М.Оралбаев, аудандық кәсіпкерлік және өнеркәсіп бөлімі басшысының міндетін уақытша атқарушы Ш. Боранбаев комиссия отырысында атқарылған жұмыстары бойынша есеп берді.
Сонымен қатар, комиссия отырысына кәсіпкерлер де арнайы шақырылып, қатысты.
Жиын соңында М.Нарымбеков азық-түлік бағасының қымбаттауы және мониторинг жұмыстарының нәтижесі бойынша халыққа ұдайы ақпарат беру туралы ұсыныс жасады. Ал комиссия мүшесі Е.Абдиваитов тұрақты түрде сыбайлас жемқорлықтың алдын- алу үшін барлық мекемелер басшысы ұдайы мониторинг жасап, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтап, жолын кесіп отыруы қажет екеніне назар аударды.
Сондай-ақ, қазіргі кезде азық-түлік бағасының қымбаттауына тосқауыл қою үшін аудан орталығынан тұрақтандыру қорын ашу туралы комиссия төрағасы З.Сұлтанмұратов ұсыныс білдірді және оның Заңды тетіктерін қарастыруды ұсынды.
Аталған ұсыныстар ескеріліп, қаулы қабылданды.
Жуалы ауданы