Мойынқұм ауданында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді
Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданының Мойынқұм ауылы №18 Өрт сөндіру бөлімінің жеке құрамымен Мойынқұм ауданы бойынша кірістер басқармасында шартты өртті сөндіру бойынша өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.
Аталған жаттығуға аудандық орталық ауруханасының, аудандық электр жүйесі мекемесінің және полиция бөлімінің қызметкерлері де жұмылдырылды. Өрт сөндіру бөлімінен 1 техника және 10 адам, аудандық ауруханадан 1 техника 3 адам, электр жүйесі мекемесінен 1 техника 2 адам катысты.
Оқу жаттығудың мақсаты аталған нысанда шартты өрт сөндіруді ұйымдастыру және жеке құраммен практикалық тұрғыдан машықтау, сонымен қатар өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің өзге де қызметтермен, нысан персоналдарымен өзара әрекеттестікті арттыру болып табылады.
Жаттығу бойынша өрт кірістер басқармасының архив бөлмесінде электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Жедел әрі сауатты атқарылған өрт сөндіру жұмыстарының нәтижесінде өрт жойылды және зардап шегуші адам құтқарылып медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Жаттығу соңында жеке құраммен оқу-жаттығудың нәтижесі талқыланып, ескертулер мен кемшіліктер айтылды.