Еланасы “ЕлАна” кабинеhttps://www.elana.kz/elanasy-elana-kabinetin-ashty/тін ашты

Өткенде Елордада “Бақытты отбасы” орталығы ашылған болатын.
Әйелдерге арналған ақпараттық кеңес-білім беру орталығының ашылуына ҚР Премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов идея ұсынған екен.
Әйел, ана мәселесіне мемлекеттің көңіл бөлуі, игі істі қолдауы қуанарлық жайт.

Мемлекеттің қолдауымен ашылған орталықтың басшысы
“Алтын орда» авторлық дизайн үйінің негізін қалаушы, «Алтын сапа» сыйлығының бірнеше дүркін иегері, «Құрмет» орденінің иегері Ырза Тұрсынзада (#ЫрзаТурсынзада).

Орталықтың басты мақсаты — әйелдерді, көп балалы аналарды қолөнер шеберлігіне баулып, тігіншіліктің қыр-сырын үйретіп өз кәсіптер ашуына мүмкіндік беріп, сонымен қатар, нарықтағы сұранысқа ие 14 мамандықты игеруіне жағдай жасау.

Осылайша, бүгінде қоғамда ушығып тұрған әйел, ана проблемасының шешілуіне жағдай жасау.

 

 

Ана -өмірдің бастауы, ұлттың ұйытқысы, тыныштық шырақшысы.
Қазіргідей жаһандану заманында ұлтты сақтап қалу оңай емес. Жан-жақтан ағылып келіп жатқан жат нәрсе ұрпақ санасын жаулауда.

Оған қарсы тұра алатын иммунитет бар ма?
Мұның жауабы ұлттық болмыс, ұлттық салт-сана мен әдет-ғұрыпқа келіп тіреледі.
Бабалар жолына, ұстанған салт-дәстүрін ұғыну, тамырымызды жоғалтпау.

 

 

Қазақтың дәстүрін жаңа қырынан танытып, қолөнерін қайта жаңғыртып оны қанша ма жылдар бойы қолындағы өнеріне қазақтың қыз-келіншектеріне ақысыз үйретіп жүргеннің жанның бірі -этнодизайнер Ырза Тұрсынзада.

25 наурызда «Qazaqstan dauiri» халықаралық газетінің, “Мөлдір бұлақ” республикалық журналының бас директоры, “ЕлАна” Қоғамдық қорының президенті Сәуле Мешітбайқызы мен этнодизайнер Ырза Тұрсынзада екеуінің арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылып, орталықта “ЕлАна” кабинетінің тұсаукесері өтті.

“Ырза екеуіміздің ойымыздан бір жерден шықты. Қанша көп балалы аналарды кәсіпке үйретіп жатқанына көзім жетті. Орталыққа келген әр әйелдің өз мәселесі, өз тарихы бар. Біреулерге үлгі-өнеге болар өмірі бар. Әр әйелдің бастан кешкен өмірі басқа әйелге мотивация болады.

 

 

Ақпарат айдынында жүрген біздер осындай дүниелерді жарқырата жазуымыз керек.
Көрсете білуіміз керек. Насихаттай білуіміз қажет.
“Жақсы дүние көрмекке, өнегелі іс үйренбекке” дейді ғой.

Ырзаның “ЕлАна” бөлмесін ашамын дегеніне қатты қуандым. Ананы құрметтеген ұлтпыз ғой. Ананы құрметтеу арқылы өскелең ұрпақ тәрбиесіне ықпал ету керек. Бұл бөлме бос тұрмауы керек. Аналарға өнер үйретумен қатар, рухани-өнегелік тәрбие де жүргізуіміз керек.

Бүгін жасалған меморандум екі жаққа ғана емес, қоғамға да пайдасын тигізеді деп сенемін.
Ақпараты күшті ел, мықты ел дейді.
Сол ақпаратты таратамыз, насихаттаймыз.
Ынтымағымыз ұзағынан болсын”,-деді белгілі журналист, қоғам қайраткері Сәуле Мешітбаева.

“Отан отбасынан басталады” демекші, тәрбие-тағылым отбасынан берілетін ұлттық құндылық.
Ал әйел, ана отбасының ұйытқысы. Отбасының тәрбиесі, жетістігі, балаларының тәрбиесі ананың мәдениеті мен өресіне, білімі мен іліміне және көрсетер өнегесіне байланысты.

 

 

“Ел боламын десең бесігіңді түзе” дейді. Бесікті түзейтін ана. Ал сол анаға, әйелге деген құрметті, өнегелі ана образын, қазіргі қазақ әйелінің образын қалыптастыруда “Бақытты отбасы” орталығының қызметінің атқарар еңбегі зор.

Шәкен Тұрар Сәттарқызы, “ЕлАна” сайтының Нұр-Сұлтан қаласындағы үйлестіруші-тілшісі