Басты мақсат – су тасқынының алдын алу
Жамбыл облысы ТЖ департаментінің дағдарыс орталығында Орталық және жергілікті атқарушы органдардың «2022 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындығы туралы» отырысы өткізілді. Аталған жиынға қатысты мекемелердің басшылары қатысты. Жиын барысында ТЖ алдын алу бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Талғат Айтбаев облыс бойынша су тасқынының алдын алуға бағытталған мәселелер жөнінде кеңінен тоқталды.
Ол өз сөзінде облыста су тасқыны кезеңін апатсыз режимде өткізу мақсатында, іс-шаралар жоспарына сәйкес бірқатар жұмыстар атқарылуда екендігін атап өтті. Көктемгі уақытта нөсер жауын-шашынның түсуінен және басқа да жағдайларды ескере отырып, су тасқыны қаупінің алдын алу мақсатында 2021 жылдың қазан айынан бастап осы уақытқа дейін облыс аумағындағы каналдар, дренажды каналдар, арық желілері және су өткізу құрылыстары (көпірлер және т.б.) тазартылып, бұл жұмыстар әрі-қарай жалғасын табуда.
Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 11 ақпанында «Су тасқыны қатерлерінің алдын алу мен оларды жою жөніндегі 2021-2023 жылдарға арналған шаралар кешені» Жол картасының орындалу және көктемгі су тасқыны кезеңіне дайындық барысы туралы мәселе облыстық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысында қаралып, Тараз қаласы мен аудан әкімдеріне, мекеме, кәсіпорын басшыларына тапсырма берілді.
Облыс бойынша 72 млн.теңге қаражат бөлініп, оған10 044 м3 инертті материалдар, 392 тонна жанар-жағармай және 30 050 қап сатып алынды. Сонымен қатар 41 қабылдау пункті (мәдениет және білім беру нысандары),12 шатыр, 1968 төсек-орын және 468 кереует дайындалды.
анықтама: Су тасу салдарының алдын алу және жою үшін жұмылдырылатын облыстың азаматтық қорғау аумақтық құралымдарының күштері мен құралдары — 638 адам, 278 бірлік техника және 80 мотопомпа, ал облыстық Төтенше жағдайлар департаментінен 380 жеке құрам, 74 бірлік техника, 21 жүзу құралдары мен 35 мотопомпа жоғары дайындықта. Көктемгі ТЖ кезінде көшірілген тұрғындарды уақытша орналастыруға 41-қабылдау пункттері(мәдениет және білім ошақтарында), 139–палатка, 200-жатын қап(спальный мешок), 1900-жиналмалы кереует (раскладушка), 20-жылыту қондырғысы (тепловая пушка) дайындалған.Жалпы, ТЖ департаментінің күштері мен құралдары су тасқыны мерзімінде жедел әрекет етуге толық дайындыққа келтірілді.
Облыс аумағында 157 Гидротехникалық құрылғылары бар, оның ішінде республикалық меншікте — 42 (су қоймалары-8, бөгеттер-2, су тораптары-11, магистральдық арналар-21), коммуналдық меншікте-106 (су қоймалары -24, тоғандар-82), жеке меншікте-9 (су қоймалары-2, тоғандар-5, магистральдық арналар-2).
Ірі су қоймаларының (Киров, Тасөткел, Теріс-Ащыбұлақ) толымдылығы мен жұмысына әрдайым бақылау жүргізілуде.
Анықтама үшін. Бүгінгі күні ірі су қоймаларының толымдылығы жобалау көлемінің мынандай пайызын құрайды: Теріс-Ащыбұлақ-63%, Тасөткел-79%,Киров-76%, Ынталы-96%, Ақкөл-20%, Қарақоңыз-84%, Жартас 86%және Бүркітті — 51%.
Облыс аумағында орналасқан гидротехникалық құрылғыларының(ГТҚ) техникалық жағдайын зерделеужұмыстары жүргізіліп, зерделеу барысында облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасына қарасты 26 ГТҚ ағымдағы жөндеуді қажет екендігі анықталды.
Осыған орай, 2021 жылы 42 744,6 мың теңгеқаражат бөлініп, 9 ГТҚ ағымды жөндеу (Дарбаза, Кеңес, Аспара-1, Ленинжол, СТФ, Қызыләуіт, Шабақты, Бұланбай және Береке)жұмыстары облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жүргізілді.
2022 жылы 66,6 млн.теңге бөлініп, 6 ГТҚ (Жиенәлі, Новое, Пруд 5, Таскөл, Шілік және Аққайнар) және 7 нысан (Тастан, Базарбай-1, Базарбай-2, Тегістік, Ақкүмбез, Тамды және Қазақбай) мекеменің өз күшімен жүргізілетін болады.
2023 жылы –5 ГТҚ-ға(Аспара-1, Ақермен -1, Ақермен -2, Маханды-1, Байтелі)ағымды жөндеу жүргізу облыс әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен жоспарлануда.
«2021-2023 жылдарға арналған Су тасқынына қарсы іс-шаралар» Жол картасына сәйкес 2021 жылы РБ -555,5 млн.теңге, ЖБ -55,5 млн.т бөлініп, Жамбыл ауданы аумағында (Жасөркен және Қызылқайнар ауылдарында) биіктігі 2,5 м, ені 5м, ұзындығы 4,7 шақырым жағалауды нығайту жұмыстары жүргізілді.
2022 жылы РБ — 1 млрд. теңге, ЖБ — 111 млн. 111 мың. теңге бөлініп, Тараз қаласындағы Проектировщик, Тектұрмас саяжайлары және «Қарасай» алқабы маңындағы Талас өзенінің жағалауларын нығайту жұмыстарыоблыс әкімдігінің құрылыс басқармасымен жүргізілуде. (ағымды жылда 11,2 км жоспарлануда)
Жалпы су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу мәселесі тұрақты бақылауда.
Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті