Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайына Жақсыгелді Сейіловтың жеке заттары табыс етілді

 

 

Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайында әнші, композитор және ҚР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Жақсыгелді Сейіловтың жеке заттары қойылды. Баян мен дипломатты мемлекет және қоғам қайраткері Мәди Артығалиев және Қазақстанның құрметті журналисі, ҚР еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Әли Тойжігіт сыйға тартты.

– Мұражайда жыл сайын «Өз есіміңді тарихта қалдыр!» акциясы өтеді. Осы іс-шара аясында біздің қорымыз Жақсыгелді Сейіловтың заттарымен толықтырылды.

Нұр-Сұлтан мен Қарағандыдан келген қонақтар Мәди Артығалиев пен Әли Тойжігіт жеке топтамасында 25 жыл сақтаған әнші, композитордың баяны мен 42 жыл бойы үй жәдігері болған дипломатты сыйлады.

Болашақта Жақсыгелді Сейіловке арналған экспозицияны ашуды жоспарлап отырмыз, – деді Жезқазған тарихи-археологиялық мұражайының аға ғылыми қызметкері Еркебұлан Камалиев.

Жақсыкелді Сейілов (1949–1997) Теректі ауылында туған. Бала кезінде ол көру қабілетінен айырылған. Бірақ ол музыканы ерекше қабылдау ерекше қасиетіне ие болған. Маэстроның шығармашылық қоржынында «Ана туралы баллада», «Ұлытау», «Әке туралы ой», «Кездесу», «Неге олай», «Сүйінші» сияқты жауһарлар, Жезқазған қаласының әнұранына айналған «Жезқазған маршы» композициясы бар. Оның репертуарында барлығы 50-ге жуық шығарма жинақталған.

 

Жомарт Шаймұрат