Жуалыда Жолдауды түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауы тұрғындарға түсіндірілді.
Б.Момышұлы әкімшілігінің мәжіліс залында өткен жиынға облыс әкімінің орынбасары Талғат Мамаев қатысты. Жиынды аудан әкімінің м.а. Асхат Жабағы ашып, жүргізіп отырды.
Жиында аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Жұмашев пен аудандық мәслихат депутаты Э. Абишева Жолдауда көрсетілген бастамаларды түсіндіріп өтті.
Сонымен қатар, облыс әкімінің орынбасары Т.Мамаев Жолдаудағы ерекшеліктерге тоқталып, тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп өтті.