Ұлытау тұрғыны еліміз бойынша жаяумарафонға аттанды

Ұлытау ұлттық тарихи-мәдени және табиғимұражай-қорығының қызметкері және еңбек ардагеріСәрсенбай Қотырашов Қазақстанның кең байтақдаласын жаяу жүріп өтпек.

Қарашаға дейін 72 жастағы ақсақал бүкіл елдіаралап, қолданбалы өнер шеберлерімен кездесіп, өзгеөңірлердің тұрғындарын Ұлытау ауданыныңтарихымен және киелі жерлерімен таныстырудыкөздеп отыр.

 

 

 

Ол күніне 40 шақырым жол жүремін депжоспалап отыр. «Ұлытауға бардың ба?» деп аталатын жаяу марафон бүгін басталды. Алыс жолға шығар алдында Сәрсенбай Қотырашов «Ұлытау» мұражай-қорығындағы әріптестерімен кездесіп, өз бағытымен бөлісті.

Мен жеті жыл бойы жаяу марафонғадайындалдым. Менің мақсатымқолөнершеберлерімен кездесіп, қазақ халқын Ұлытаутарихымен таныстыру. Соның ішінде «Көкмайса»фестивалін насихаттау да бар», – дейді саяхатшы. – Мен Қазақстанның барлық өңірлерін айналып өтудіжоспарлап отырмын. Қызылорда, Түркістан, Шымкенттен бастаймын.

Әрі қарай Тараз, Алматы, Талдықорғанқалаларына жол тартамын. Қазақстанның үздікқолөнершілерінің тізімін жасағым келеді. Меніңбүкіл бағытым әлеуметтік желілерде жарияланады.

Марафоншының жолы: ҰлытауҚызылордаТүркістанШымкентТаразАлматыТалдықорғанАякөзСемейПавлодарНұр-СұлтанКөкшетауПетропавлҚостанайАқтөбеОралАтырауБейнеуАқтау.

                                                                                       

                                                                                             Жомарт Шаймұрат