НАРША-НАРКӨКЕ

Ауылда тұрып Алашқа танылған арқалы ақын Нарша Қашағанұлының қалың қазаққа таныс. Оның бір ғана «Рахмет, саған туған ел», «Хат жазып тұр» атты өлеңдері Алаш аспанында ән боп қалықтап жүр.

Бүгін, 1 сәуір — ақынның туған күніне орай Нөркөкеміз тұрған үйдің қабырғасына ескерткіш тақта орнатылды.

Оған облыс, аудан зиялы қауымының өкілдері, ардагерлер, ақынның қаламдас інілері, бауырлары, ұлдары жиылып, естеліктер айтты. Ақынның әпкесі Ұлжан Қашағанқызы ақын есімін мәңгі есте қалдыру үшін көшеге, мәдениет үйіне, мектепке атын беру жөнінде орынды ұсыныс айтса, Талас ауданының әкімі Қанатбек Мәдібек бұл ұсынысты қолдап, қолға алынатынын мәлімдеді.
Жатқан жерің жайлы болсын, Наркөке!