Жеті қазына

Жеті қазына — қазақтың дәстүрлі дүниетанымында қалыптасқан қасиетті түсінік. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған:
1. Ер жігіт.
2. Сұлу әйел.
3. Ілім — білім.
4. Жүйрік ат.
5. Құмай тазы.
6. Қыран бүркіт.
7. Берен мылтық.
Ер жігіт- елінің батыры, абыройлы мақтанышы.
Сұлу әйел − елдің бәріне сұлу қайдан табыла берсін, бірақ сұлу болсын-болмасын, ол − ер-азаматтың артындағы қамалы, отының берекесі. Сұлу әйел дегенде тек бет көркі емес, оның жан тазалығы, ақыл-парасатын айтқаны болуы керек.
Ілім- білім – ақылы мен парасаттылығының белгісі.
Жүйрік ат − жігіттің қанаты. «Ат − ер қанаты» дегендей, атсыз жігіттің күні қараң болған.
Құмай тазы − сенімі, досқа адал беріктігі.
Қыран бүркіт − жігіттің алғырлығы, бүріп түсер күш-қуаты.
Берен мылтық − оты, қаһары.