Сарысуда аудандық бюджеттен 3 автожолға орта жөндеу жұмыстары қолдау тапты

Бұл туралы бүгін аудандық аппараттық кеңесте аудан әкімідігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Дәуренбек Әсенбайұлы баяндады.
Сонымен бірге облыстық маңызы бар «Күюк-Қарабастау-Қаратау-Жаңатас-Саудакент 107-163 шқ» жолының 107-127 шақырым аралығында орта жөндеу жұмыстарына 113 215,6 мың теңге қаржы бөлінгенін, аудандық маңызы бар «Жаңатас-Түркістан ауылына кіре беріс шқ 0-8,56» автожолына республикалық және облыстық бюджеттен 237,0 млн теңге қаржы қаралғанын, аудандық маңызы бар «Шағалалы ауылына кіре беріс шқ. 0-9,2» және аудандық маңызы бар «Тоғызкент ауылына кіре беріс шқ. 0-0,750» автожолдарына жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, қазіргі таңда сараптама қорытындыдан өтуде екенін баяндады.
Баяндамашы аудандық маңызы бар жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау жұмыстарына 4,5 млн теңгеге бюджеттік өтінім берілгенін, «Ауыл Ел-бесігі» бағдарламасы аясында республикалық бюджеттен қолдау тапқан 15 автожолға орта жөндеуге 218 347,6 мың теңге қаржы қаралғанын да айтып өтті.
Сарысу ауданы әкімінің баспасөз қызметі.