Байзақтағы 43 елді мекеннің 42-сі көгілдір отынның игілігін көріп отыр
Аудан тұрғындарының 75 пайызы егін немесе мал шаруашылығымен айналысады. Егін мен жайылымдық жер тапшылығына байланысты жер телімдерін беру жұмыстарын 2023 жылдан бастап тоқтату көзделуде.
«Кезекте тұрған азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру мақсатында Сарыкемер ауылына көпқабатты 10 тұрғын үй құрылысын жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама дайындалып, өтінім жолданды. Бұл жоба іске асса, 600 азамат пәтермен қамтылатын болады. Өткен жылы елді мекендерге газ тартуға облыстық бюджеттен 830 млн теңге бөлінді. Аудандағы 43 елді мекеннің 42-сі көгілдір отынның игілігін көріп отыр», – деді Бақыт Алпысбайұлы.
Ол қалған 1 елді мекенге биыл орта қысымды магистралды газ құбыры жеткізілетінін атап өтті. Оған 639,3 млн теңге Ұлттық қордан қарастырылуда. Содан соң 2025 жылға дейін табиғи газ тартылған елді мекендердегі барлық ауланы газға қосу, әлеуметтік нысандарды толығымен газ жүйесіне ауыстыру бағытында жұмыстар атқарылады.