Тәуелсіздіктің төл құрдасы ауылына әкім болып сайланды

Тоғызтарау ауылдық округіне арнайы барған аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұы тәуелсіздіктің төл құрдасы, Тоғызтарау ауылының тұрғыны Нұрәділ Рахманұлы жұмысына сәттілік тілеп, ауыл ажарын ашуға, әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуіне білек сыбана кірісу қажеттігін алға тартты. Жиынға аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Рүстем Бегалиев және ауыл азаматтары қатысты.
Айта кету керек, өткен жылы 2021 жылдың басында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында ауылдардың, ауылдық округтерінің, кенттердің және аудандық маңызға ие қала әкімдерінің сайлауы өтетінін айтқан болатын. Осы орайда күні кеше Тоғызтарау ауылдық клубында Құмсуат, Жаңаөткел, Тоғызтарау ауылының тұрғындары сайлауға белсенді қатысып, дауыс берген болатын. Сайлауға ауыл азаматтарының 92 пайызы келді. Дауыс бергендер саны 382 адам. Жарамсыз бюдлетендер саны 9.
Нәтижесінде, «Аманат» партиясынан ұсынылған кандидат Н.Төлеков 326 немесе 85 пайыз дауыс жинады. Өзін-өзі ұсынған Б.Тұтқышбаев, 41 немесе 10/7 пайыз, А.Рысбек 15 немесе 4 пайыз жинады
Тулеков Нұрәділ Рахманұлы 1991 жылы 22 ақпанда дүниеге келген. Ұлты – қазақ. Білімі – жоғары.
2009 жылы М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша аяқтаған.
2013-2014 жылдары Тоғызтарау ауылдық округі әкімінің аппаратында инспектор (касса ісі жөнінде);
2016 жылдың тамыз айынан бүгінгі күнге дейін Тоғызтарау ауылдық округі әкімі аппаратының бас маман-іс жүргізушісі қызметтерін атқарған.

Жамбыл ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі