Батыр ана, бақытты әйел!
Біз қол-аяғымыз сау, бар бола тұра, өмірге өкпелейміз, өзгелерге міндетсінеміз, табылған жұмысты жасағымыз келмей, барымызды бағаламаймыз кейде!
Туғаннан қос қолы жоқ тігінші Анар Бексұлтанова ханым Жаңаөзендік қыз-келіншектерге тренинг өткізіп, өзінің өнерін көрсетіп, замандастарына өз жігері мен тәжірибесімен бөліскен!
Өзі-ана, өзі-жар, өзі-кәсіпкер, өзі- Тараз қаласының құрметті азаматы!
Туғаннан қос қолы болмаса да, қол-аяғы балғадай жұмыс жасап жүрген адамдардың тірлігін жасап жүр!
Ұлттық өнерді, жігерді, рухты насихаттап жүрген батыр қызға, замандасымызға Алла жар болсын!
Осындай кісілерге берілуі барлық атақ та, марапат та!
Осындай кісілерді айтуымыз керек, көрсетуіміз керек, мақтан тұтуымыз керек!
Өз басым жігеріңізге басымды идім, қылығыңызға сүйсіндім, еңбегіңізге риза болдым!
Аман жүріңіз, замандас, батыр ана, қазақтың дара қызы!